Әуежайға Хиуаз есімі берілді
Әуежайға Хиуаз есімі берілді
202
оқылды
Республикалық оно­мас­­тика комиссиясы Аты­рау халықаралық әуежа­йына аты аңызға айналған ұш­қыш, Қазақстанның Ха­лық Қа­һарманы Хиуаз Доспа­нованың есімін беру туралы шешім қабылдады. Бұл мәселені алғаш рет «Айқын» газеті көтерген болатын. Игі бастама 8 жылдан кейін жүзеге асты. 2012 жылы Ономастика тура­лы заңға толықтырулар мен өз­герістер енгізілуіне байланысты нысандарға адам атын беруге мораторий жа­рияланды. Бірақ Т.Қалимова же­текшілік ететін Атырау халықа­ралық әуежайына Хиуаз Доспанова есімін беру жөніндегі бастамашыл топтың жұмысы тоқтаған емес.
«Мораторий мерзімі аяқтал­ғанға дейін құзырлы орындарға ресми хаттар жолдадық. Х.Дос­панованың барлық жеке құжатын мұрағаттардан жинақтадық. 2012 жылы бір топ атыраулық жур­налистердің ұсынысымен Air Astana әуекомпаниясы тұңғыш жекеменшік ұшағының алғаш­қысына, яғни «Эмбраэр» ұшағы­на Хиуаз Доспанова есімін берді. Air Astana компаниясы осы дәстүрді жалғастырып қазақтың атақты әйел тұлғалары – Зере әже, күйші Дина Нұрпейісова, әнші Роза Бағланова, қазақтың батыр қыз­дары Әлия Молда­ғұ­лова, Мәншүк Мәметова, компо­зитор Ғазиза Жұбанова, актриса Әмина Өмір­зақова есімдерін «Эйр­бас» ұшақ­тарына жаз­ды», – дейді бастамашы топтың жетекшісі.
Былтыр қанды қасаптан аман шыққан қайсар қыз, штурман-ұшқыш Хиуаз Доспановаға Аты­рау жұрты еңселі ескерткіш ор­натты. Атырау халықаралық әуе­жайының алдында бой көтер­ген ескерткіш те туған топы­ра­ғының қанатты қызы­на құрметі. Ал енді сол әуежай Хиуаз­дың есімімен аталады.  

Нарғыз ҒАБДУЛЛИНА