«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру барысында биылдың өзінде Президент Әкімшілігіне 82,5 мың өтініш келіп түскен, – деп хабарлайды Aykin.kz сайты Қазақстан Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың Telegram арнасына сілтеме жасап.
Оның мәлімдеуінше, бүгінде азаматтардың талап-тілегін сапалы қарау үшін eOtinish жүйесінде толық цифрлық инфрақұрылым жасақталды. Оған 50 мың ұйым және 320 мың қызметкер қосылды.
– Өтініштерді қарау үдерісі ұдайы жетілдіріліп отырады: жасанды интеллект элементтері енгізіліп, АҚШ, Оңтүстік Корея және Сингапур секілді озық елдердің цифрлық үкімет тәжірибесі зерделенуде. Диалог офлайн-форматта да жүреді. Өңірлерде азаматтардан өтініш қабылдайтын 150-ден астам орталық жұмыс істейді. Биыл 360 мыңнан аса адамға тиісті көмек көрсетілді, – деді ол.