Аида төрешілердің шешімімен чемпион атанды.
Боксшы Аида Әбікеева ауыр жарақатына қарамастан, жеңіске жеткен
www.istockphoto.com
135
оқылды

Боксшы Аида Әбікеева қолы сынғанына қарамастан, Азия чемпионатында жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Бұл туралы оның бапкері Ислам Абдраимов айтып берді. 

Бапкердің айтуынша, іріктеу жарыстарына бір апта қалғанда Аиданың қолы сынған. Соған қарамастан, ол рингке шығып, қарсыластарын жеңе білген.

"Жарақаттан толық айығуға бар-жоғы бір ай ғана уақыт болды", – деп еске алады Ислам Абдраимов.

Соған қарамастан, желтоқсан айының ортасында Аида Әбікеева Таиландта өткен Азия чемпионатына аттанды. Онда ол 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, финалда вьетнамдық Ха Линді жеңді. Осылайша, қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен чемпион атанды.