Әнші бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
Роза Рымбаева қуанышты жаңалығын бөлісті
107
оқылды

ҚР Халық әртісі Роза Рымбаева көптен күткен қуанышты жаңалығымен бөлісті,  деп хабарлайды Aykin.kz. 

Әнші "Сахнада 50 жыл" деген суретін бөлісіп, жақында өтетін концерті туралы жазды. 

“Жуырда… Айтылмаған сырлар… Асыл армандар…“,  деп жазды әнші.

Желі қолданушылары "Асыға күтеміз", "Әншісі, Кеңес Одағы кезінде Алла Пугачева, София Ротарумен бірдей сахнада жүрген, әндерімен әлемді мойындатқан Қазақстаннан шыққан әншінің бірі болған, бала кезімізде Роза радиодан ән шырқағанда тұра қалып тыңдайтынбыз, өздерін жұлдыз санайтын әншісымақтар осы кісіден қай жағынан болса да үлгі алса", "Өмір бойы ән айта беріңізші, сізді тыңдай бергім келеді",  деп жазды.