Әнші Роза Әлқожа әлеуметтік желіде тыңдарманға қуанышты жаңалығын жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі биыл бірінші рет мерекеге орай Жаңа жыл туралы ән жазғанын айтты. Сонымен қатар өткен жылды тек ризашылықпен шығарып салатынын жеткізді.
"Кеш жарық! Бірінші рет жаңажылдық фотосессия жасаттым. “Жаңа жыл келіп қалды ма?!” отырсыздар ма сіздер де?! 44-ке келіп бірінші рет жаңа жыл туралы ән жаздым. Оған сөз жаздым. Алдыңғы күні ғана өңдетіп, кеше дауысын жаздым, ертең сайтқа саламын. Осы жылға өте разымын. Өмірімде болған бар қуанышқа алғыс! Өмірімде жолыққан жанның бәріне рақмет! Алдағы жылдан тек жақсылық күтеміз!" - деп жазды әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.