Қасым-Жомарт Тоқаев өзге де президенттермен 43 мәрте телефон арқылы сөйлесіп, 4 ресми рәсім барысында 30 мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады.
Биыл жалпы сомасы 70 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдер жасалды
Фото: akorda.kz
63
оқылды

Биыл еліміз халықаралық диалогтың белсенді алаңына айналды. 2025 жылы шет мемлекеттердің басшылары Қазақстанға 30 рет cапармен келді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.✔️

Олардың арасында ҚХР, Италия (екі рет), Грузия, Өзбекстан, Словения, Вьетнам, БАӘ, Руанда, Солтүстік Македония, Болгария, Словакия, Иордания, Конго Демократиялық Республикасы, Мьянма, Мажарстан, Әзербайжан, Финляндия, Эстония, Армения, Түрікменстан, Швейцария және Иран елдерінің мемлекет және үкімет басшылары бар.

Оған қоса, шетелдік сапарларда сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және инвестициялық ықпалдастықты нығайтуға мақсатында түрлі халықаралық кездесулер болды. Соның арқасында жалпы сомасы 70 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдер жасалды. ✔️

Президент шет мемлекеттердің үкімет басшыларымен, басқа да жоғары лауазымды тұлғаларымен, халықаралық құрылымдар жетекшілерімен, іскерлік топ өкілдерімен және сарапшылармен 186 кездесу өткізді.