Нәрестенің денесі былқ-сылқ болып, әлсіреп қалған.
«Тынысы тоқтап қалды»: дәрігерлер 4 айлық сәбиді құтқарды
www.istockphoto.com
79
оқылды

Атырауда дәрігерлер тынысы тоқтап қалған 4 айлық сәбиді өлімнен аман алып қалды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оқиға қалалық емхананың бірінде болған. Қабылдауға келген нәрестесін сол жерде емізіп отырған. Кенеттен сәби тынысы тоқтап, терісі көгере бастаған. Денесі былқ-сылқ болып, әлсіреп қалған. Өмір мен өлім арасындағы арпалысында сәбиге дәрігерлер дереу көмек көрсетіп, оны аман алып қалған. 

Невропатолог апноэ ұстамасын бірден анықтап, нәрестеге оттегі терапиясын қолданды. Яғни, ауыз қуысына санация жасап, құрсақтағы қысымды жеңілдету үшін газ шығару түтікшесін қойған. Нәтижесінде, сәбидің біртіндеп тынысы қалпына келіп, жылап, сатурациясы 74-тен 84%-ға дейін көтерілді,  деп хабарлады Атырау қаласының ДСБ баспасөз қызметі. 

Жедел жәрдем бригадасы келгеннен кейін сәби облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Енді нәресте солардың толық тексеруі мен бақылауына алынды.