Бұл көрсеткіш қазан айының басында 3,54% болса, қарашада 3,74%-ға жеткен. Мәліметті Ұлттық банк ұсынды.
Қазақстанда төленбей жатқан несие көбейді
106
оқылды

2025 жылғы қараша айында елімізде 90 күннен астам уақыт төленбей жатқан проблемалық несиелер көлемі 93,8 милииард теңгеге ұлғайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл көрсеткіш қазан айының басында 3,54% болса, қарашада 3,74%-ға жеткен. Мәліметті Ұлттық банк ұсынды.

Мерзімі өткен несиелердің артуы негізінен еліміздегі ірі банктер үлесіне тиесілі. Атап айтқанда:

Halyk Bank – проблемалық қарыздар 72 миллиард теңгеге өсіп, 438 миллиард теңгеге жетті. Портфельдегі үлесі – 3,39% (+0,57 пайыздық тармақ).

Bereke Bank – +7,7 миллиард теңге, жалпы көлемі 107,8 миллиард теңге (үлесі – 7%).

Еуразиялық банк – +5,8 миллиард теңге, жалпы сомасы 139,3 миллиард теңге (үлесі – 8,31%).

Bank RBK – +3,6 миллиард теңге, 71,3 миллиард теңге (үлесі – 4,47%).

ForteBank – +2,7 миллиард теңге, 102,7 миллиард теңге (үлесі – 3,43%).

Проблемалық несиелердің портфельдегі үлесі бойынша көш бастап тұрған банктер:

Еуразиялық банк – 8,31%;

Alatau City Bank – 8,09%.