Қазгидромет 1 қаңтарда ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын жүреді, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Атырауда 1 қаңтарда тұман, көктайғақ болады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, орталығында, күндіз облыстың батысында қар жауып, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың батысында, орталығында тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Ақтөбеде 1 қаңтарда қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстіктен соққан желдің түндегі екпіні 15-20 м/с.
Абай облысының солтүстігінде, батысында, орталығында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с.
Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында тұман, жолдарда көктайғақ болады. Облыстың шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Талдықорғанда 1 қаңтарда кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ болады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болды, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Түнде және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан, оңтүстік жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қостанайда 1 қаңтарда күндіз қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ, тұман болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстік жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Астанада 1 қаңтарда түнде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, жолдарда көктайғақ болады. Батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің облыстың тау асуларындағы екпіні 15-20 м/с болады. Шымкентте және Түркістанда 1 қаңтарда тұман түседі.
Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, жолдарда көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады. Түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Көкшетауда 1 қаңтарда түнде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, жолдарда көктайғақ болады. Батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың батысында, солтүстік-шығысында тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың батысында оңтүстік-батыстан солтүстікке ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Ақтауда 1 қаңтарда түнде тұман болады.
Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қарағандыда 1 қаңтарда түнде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің түндегі екпіні 15-20 м/с қамтиды.
Түнде Павлодар облысының батысыңда, солтүстігінде, шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, жолдарда көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады деп болжанады. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Павлодарда 1 қаңтарда түнде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Батыстан соққан желдің түндегі екпіні 15-20 м/с болмақ.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды. Жезқазғанда 1 қаңтарда тұман, көктайғақ болады.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында қар жауып, бұрқасын жүреді, облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігіндегі екпіні 25 м/с дейін жетеді. Күндіз Петропавлда 1 қаңтарда оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с.
Түнде Батыс Қазақстан облысының шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады.
1-3 қаңтарда Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, жолдарда көктайғақ болады. Облыстың шығысында солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Алматыда 1-3 қаңтарда кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ болады. Қонаевта 1-3 қаңтарда кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ болады. 1 қаңтарда солтүстік-батыстан солтүтсік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 18 м/с.
Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қалың қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады. Облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Таразда 1 қаңтарда кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.