Ақмола облысында қар жауады, бұрқасын соғады.
«Көктайғақ, тұман, жаңбыр»: 1 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
151
оқылды

«Қазгидромет» 2026 жылдың 1 қаңтарына жасалған ауа райы болжамын жариялды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ақмола облысында қар жауады, бұрқасын соғады. Жолдарда көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Жел батыстан, кейін оңтүстік-шығысқа ауысып, 15–20 м/с жылдамдықпен соғады.

Алматы облысында кей уақыттарда тұман түседі, жолдарда көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15–20 м/с.

Жамбыл облысында қатты қар жауады, бұрқасын соғады. Солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман түседі, көктайғақ болады. Жел солтүстік-шығыстан 15–20 м/с жылдамдықпен соғады.

Батыс Қазақстан облысында қар жауады, бұрқасын соғады. Облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қарағанды облысында қар жауады, бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Жел 15–20 м/с жылдамдықпен соғады.

Маңғыстау облысында кей жерлерде жаңбыр мен қар жауады, бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Батысы мен солтүстік-шығысында тұман түседі. Жел екпіні 15–20 м/с, кей сәттерде 23 м/с-қа дейін жетеді.

Павлодар облысында қар жауады, бұрқасын соғады, жолдарда көктайғақ болады. Батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі. Жел 15–20 м/с жылдамдықпен соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады, бұрқасын соғады. Күндіз батысында қар жауады. Батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Желдің екпіні 15–20 м/с, кей жерде 25 м/с-қа дейін күшейеді.

Түркістан облысында көктайғақ болады, солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман түседі. Таулы асуларда жел 15–20 м/с жылдамдықпен соғады.

Ұлытау облысында тұман түседі, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып, 15–18 м/с жылдамдықпен соғады.

Алматы қаласында кей уақытта жаңбыр мен қар жауады, тұман түседі, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан 3–8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде және күндіз +1…+3°C.

Шымкент қаласында көшпелі бұлт шығып, түнде және таңертең жаңбыр мен қар жауады, тұман түседі, көктайғақ болады. Жел солтүстік-шығыстан 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде 0…–2°C, күндіз +2…+4°C.

Астана қаласында көшпелі бұлт шығады, түнде қар жауады, бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде –10…–12°C, күндіз –7…–9°C.