ТЖМ мәліметінше, оқиға түнде Сарайшық ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде болған.
Астанада 11 адам лифтте қамалып қалды
101
оқылды

Елордалық құтқарушылар лифтте қамалып қалған 11 адамға, оның ішінде 5 балаға көмектесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

ТЖМ мәліметінше, оқиға түнде Сарайшық ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. Лифт 3-қабатттан төмен қарай түсіп екінші қабат пен бірінші қабат аралығында тоқтап қалған.

Құтқарушылар лифт есігін ашып, адамдарға шығуға көмектесті. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмады.