Рейтинг көшбасшысы – Қытай өкілі Хоу Ифань (2613 ұпай). Одан кейінгі орындарды Чжу Цзиньэр (2579 ұпай) мен Лэй Тинцзе (2569 ұпай) иеленіп отыр.
Бибісара Асаубаева халықаралық рейтингте бірнеше саты жоғары көтерілді
235
оқылды

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) 2026 жылғы қаңтар айындағы жаңартылған рейтингінде 2497 ұпаймен әлемдік рейтингте 11-орынға жайғасты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Рейтинг көшбасшысы – Қытай өкілі Хоу Ифань (2613 ұпай). Одан кейінгі орындарды Чжу Цзиньэр (2579 ұпай) мен Лэй Тинцзе (2569 ұпай) иеленіп отыр.

Еске сала кетейік, желтоқсан айының соңында Бибісара Асаубаева блиц шахматтан әлем чемпионы атанып, бұл атақты өзінің мансабында үшінші рет жеңіп алды. Сондай-ақ ол II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.

Әлемдік рейтингтің үздік 100 шахматшысы қатарына Қазақстаннан тағы төрт спортшы енді:

Меруерт Камалиденова – 57-орын (2386 ұпай);

Ксения Балабаева – 70-орын (2371 ұпай);

Алуа Нұрман – 78-орын (2363 ұпай);

Әмина Қайырбекова – 93-орын (2348 ұпай).