Жолды 2026 жылғы 03 қаңтар сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Атырау мен Ақтөбеде жол жабылып жатыр
87
оқылды

Ауа райына байланысты екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

2026 жылғы 02 қаңтар сағат 16:30-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі Республикалық маңызы бар автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлері қозғалысына шектеу енгізіледі:

Ақтөбе облысы

«Ақтөбе-Қандыағаш-Доссор-Атырау-РФ шекарасы» автожолының 104-337 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы - Атырау облысы шекарасы).

«РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 776-965 шақырым аралығы (ЭКО ойл жқс – Қарабұтақ ауылы)

Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз» автожолының 3-257 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ембі қаласы. – Шалқар қаласы.)

«РФ шекарасы (Жайсан ӨП) - Ақтөбе (солтүстік айналма жолы) - Қызылорда» автожолының 0-39 шақырым аралығы (Мартөк (0 км жолайрығы) - Хромтау (39 км жолайрығы) учаскесі).

Атырау облысы

«Ақтөбе-Қандыағаш-Доссор-Атырау-РФ шекарасы» автожолының 337-346 шақырымы (Ақтөбе облысының шекарасы-Сағыз ауылы).

Жолды 2026 жылғы 03 қаңтар сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.