Актердің келіні әзіл ретінде қайын атасының есімін атаған.
Қайын атасының атын айтқан танымал актердің келіні қызу талқыға түсті (видео)
195
оқылды

Әлеуметтік желіде белгілі актер Жүсіп Ақшораның отбасылық видеосы жарияланды, – деп жазды Aikyn.kz.

Актердің келіні әзіл ретінде қайын атасының есімін атаған. Сөйтіп, кешірім сұрағаны көрінеді. Бейнежазбадан Жүсіп Ақшораның өзі де бұған ашуланбай, керісінше сабырмен қарап, әзілдеп отырғанын байқауға болады.

Бұл көрініс желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Бірі келінінің бұл әрекеті дұрыс емес десе, енді бірі қолдау көрсеткен.

«Әзіл болса да, үлкеннің атын атау дұрыс емес», «Жүсіп ағаның сабырына респект»,  «Біздің ата болса, салып қалар еді», «Атаңның атын айтуға ұялмайсың ба?», «Жүсіп аға да, келіні де керемет», «Адам болған соң байқамай айтып қойды, онда тұрған не бар», деп жазды оқырмандар.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 🇰🇿 және Шоу бизнес жаңалықтары (@news.qaz)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.