Боксшы Назым Қызайбай әлеуметтік желіде жазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны 2026 жылғы алғашқы жаттығуынан түсірілген фотосуреттерді Instagram парақшасында жариялады. Онда боксшы рингтің фонында бокс киімін киіп тұрғанын көруге болады.
«Жаттығу - менің бақытты болу жолым…», - деп жазды боксшы.
Айта кету керек, Назым Қызайбай Қазақстан тарихында әйел арасында ең көп жүлде алған боксшы. 2025 жылы 32 жастағы спортшы Сербияның Ниш қаласында IBA қолдауымен өткен әйелдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алып, үш дүркін әлем чемпионы атанды. Сондай-ақ ол Ливерпульде өткен бокстан әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.