Емханаларда 209 педиатриялық бөлімше және 290 даму және ерте араласу орталықтары ашылды, бұл туа біткен ақауларды анықтауды жақсартуға мүмкіндік берді.
Қазақстанда 4 млн бала профилактикалық тексеруден өтті
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі
133
оқылды

Балаларды сауықтыру бағдарламалары шеңберінде өткен жылы Қазақстанда 4 млн-нан астам бала профилактикалық тексеруден өтті. 2 млн-нан астам бала аудиологиялық скринингпен және психофизикалық дамумен, 300 мыңнан астам бала-неонаталдық, 13 мыңға жуық бала офтальмологиялық скринингпен қамтылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Емханаларда 209 педиатриялық бөлімше және 290 даму және ерте араласу орталықтары ашылды, бұл туа біткен ақауларды анықтауды жақсартуға мүмкіндік берді. 

Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, МСАК ұйымдарында 209 педиатриялық бөлімше, 290 даму және ерте араласу орталықтары құрылды. 50 мыңнан астам бала тұрғылықты жері бойынша емханалар базасындағы ерте араласу орталықтарында қажетті медициналық көмек алды. 

Балаларға медициналық көмектің сапасын жақсарту үшін 10 стандарт және босану және балалық шақ бойынша 26 клиникалық хаттама жаңартылды. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.