Қазгидромет мәліметтеріне сәйкес, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Атырау және Ақтөбе қалаларында, сондай-ақ түнгі уақытта Астанада ауа ластануына ықпал ететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасуы мүмкін, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қолайсыз метеожағдайлар — желсіздік, әлсіз жел, тұман немесе ауа температурасының инверсиясы секілді табиғи құбылыстар. Мұндай жағдайларда атмосфераның төменгі қабаттарында зиянды заттар шоғырланып, ауа сапасы нашарлайды.
Осыған байланысты:
Тұрғындарға ашық ауада, әсіресе автокөлік жолдары мен өндіріс орындарына жақын маңда ұзақ уақыт болмау ұсынылады.
Созылмалы тыныс алу, жүрек-қан тамырлары, аллергия секілді аурулары бар азаматтарға сыртқа шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өздерімен бірге алып жүру кеңес етіледі.