2025 жыл қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев үшін табысты кезеңдердің бірі болды.
Дастан Сәтпаев әлемнің ең үздік жас футболшыларының қатарына енді
170
оқылды

2 қаңтарда ол 18 жасқа дейінгі әлемнің үздік 25 футболшысының қатарына енді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Сәтпаев рейтиңде 16-22 орындар аралығына жайғасқан. Ресейлік спорт сарапшылары Дастанды “басқа футбол дәуірінің өкілі” деп сипаттап, оның жан-жақты шеберлігі мен алаңдағы батылдығына жоғары баға берген. Олар оның:

- өз айып алаңынан бастап қарсылас қақпасына дейін допты алып шығу,

- шеберлікпен қарсыласын алдап өту,

- алыстан соққы жасау,

- доп үшін аянбай күресу қабілеттерін ерекше атап өткен.

2025 жылдың басында Сәтпаевты Лондонның “Челси” клубы сатып алды. Тамыз айынан бастап ол ағылшын клубының негізгі құрамына енді. Қазіргі таңда футболшы әлі де алматылық “Қайрат” сапында өнер көрсетіп жүр.

Өткен маусымдағы статистикасы:

- “Қайрат” сапында 41 матч,

- 19 гол,

- 8 нәтижелі пас.

Сонымен қатар:

- Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде гол соғып, тарихтағы ең жас гол авторларының бірі атанды,

- Ұлттық құрама сапында Бельгияға қарсы матчта гол соғып, кезекті рекордты жаңартты.

Бұл жетістіктер Дастан Сәтпаевтың әлемдік деңгейдегі футболшыға айналып келе жатқанын және Қазақстан футболының болашағы жарқын екенін айғақтайды.