Агенттіктердің мәліметінше, қала үстінде төмен ұшқан ұшақтар байқалған, кем дегенде бір түтін бағаны көрінген. Астананың оңтүстігінде, ірі әскери база маңында жарық өшкен.
Венесуэланың астанасы Каракаста жарылыс болды
236
оқылды

2026 жылдың 3 қаңтарында, сенбі күні Каракас қаласында жарылыстар болғаны туралы AP және Reuters агенттіктері хабарлады.

Агенттіктердің мәліметінше, қала үстінде төмен ұшқан ұшақтар байқалған, кем дегенде бір түтін бағаны көрінген. Астананың оңтүстігінде, ірі әскери база маңында жарық өшкен.

AP агенттігінің бағалауы бойынша, кемінде жеті жарылыс естілген. Әзірге Венесуэла үкіметі бұл жағдайға байланысты ресми пікір білдірмеді. АҚШ-тың Ақ үйі мен Пентагоны да ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

CNN тілшілерінің дерегінше, алғашқы жарылыс жергілікті уақытпен таңғы 01:50-де (Мәскеу уақыты бойынша 08:50) болған. Тілші Осмарри Эрнандестің айтуынша, «жарылыстардың бірі соншалықты қатты болды, тіпті терезелер дірілдеп кетті».

Бірқатар аудан тұрғындары көшеге жүгіріп шыққан.

Венесуэланың Efecto Cocuyo және Tal Cual Digital басылымдарының мәліметінше, жарылыстар Каракастың солтүстігіндегі Ла-Гуайра қаласында, сондай-ақ Миранда штатындағы Игуэроте қаласында да естілген.

Каракастың Лас-Мерседес ауданындағы тұрғындардың бірі:

«Мені шу оятты. Терезеден қарасам, түтін бағандары Ла-Карлота бағытында көтеріліп жатты», – деді.

Айта кеткен жөн, Ла-Карлотада генерал Франсиско де Миранда атындағы әскери әуе базасы мен ұшу алаңы орналасқан. Сонымен қатар қорғаныс министрлігі мен армия қолбасшылығының штаб-пәтерлері орналасқан Форт-Тиуна ауданында да жарылыстардың дыбысы естілгені хабарланды