Италиялық команда ағылшынның «Ливерпуль» клубында өнер көрсететін шабуылшы Мохаммед Салахты жалға алу мүмкіндігін қарастырып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұл туралы La Repubblica басылымы хабарлады.
Ағылшын клубы бұл ұсынысты қарастыруға әзір болғанымен, басты кедергі — 33 жастағы футболшының жоғары жалақысы. Бұл фактор келіссөздерді күрделендіруі мүмкін.
Айта кету керек, Салах 2015/16 жылғы маусымда «Рома» клубында жалға ойнаған. Кейін ол «Челсиден» 15 миллион еуроға сатып алынғаннан соң, тағы бір маусым римдік клубтың сапында өнер көрсетті. Ал 2017 жылы Мысыр құрамасының шабуылшысы «Ливерпуль» сапына 40 миллион еуроға ауысты.