Біржан Оразов пен Даурен Турсағұлов - «Қайрат» клубы жетекші ойыншылары
«Қайраттың» қос ойыншысы Ресейдің футзал клубтарына ауысуы мүмкін
Ашық дереккөз
456
оқылды

Алматының «Қайрат» клубы жетекші ойыншылары Біржан Оразов пен Даурен Турсағұловты команда құрамында ұстап қала алмауы мүмкін. Бұл туралы Futsal Kazakhstan-ның Instagram парақшасына сілтеме жасап Aikyn.kz хабарлайды.

«2026 жылдың басы күтпеген жаңалықпен басталды. „Қайраттың“ қос көшбасшысы — Біржан Оразов пен Даурен Турсағұлов клубпен келісімшартты ұзартудан бас тартты. Екі ойыншының да қолданыстағы келісімшарттары 2025/26 маусымының соңына дейін күшінде. Оған қарамастан, олар Алматыда қалуға қарсы емес, бірақ еңбекақы мен келісімшарт талаптарының жақсаруын қалайтыны айтылады. Сонымен бірге, футболшыларға Ресейдің екі клубы қызығушылық танытып отыр, ал жазда „Семей“ клубы Турсағұловты қатарға қосу мүмкіндігін қарастырғаны туралы ақпарат болған», — деп жазады дереккөз.

Айта кетейік, Біржан Оразов «Қайрат» сапында 2017 жылдан бері доп теуіп келеді, ал Даурен Турсағұлов клубқа 2018 жылы қосылған.