IBA — әуесқой бокс саласында World Boxing ұйымымен қатар жұмыс істейтін дербес құрылым
«Головкинге бәсекелес»: Ресейлік кәсіпкер Қазақстанда ірі бокс жобасын іске қосатынын мәлімдеді
334
оқылды

IBA президенті Умар Кремлёв Қазақстанда кәсіби боксқа арналған жаңа халықаралық жобаның іске қосылатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

«Сіздерге жақсы жаңалық айтамыз — Қазақстанда IBA Nomad жобасын іске қосамыз. Барлығын талқылап, бірге бастауға келістік. Күтесіздер ме?

Кәсіби бокс Қазақстанда қайта жанданады. Халықаралық деңгейде бұл ауқымды, үлкен шаралар болады. Қазақстанда әлемдік деңгейдегі үздік бокс оқиғаларын күтіңіздер», — деді Кремлёв өзінің YouTube-арнасында.

Айта кетейік, IBA — әуесқой бокс саласында World Boxing ұйымымен қатар жұмыс істейтін дербес құрылым. World Boxing  ұйымының басшылығында қазақстандық Геннадий Головкин тұр.