Бразилиялық шабуылшы Родригоның мадридтік «Реалдан» кетуі мүмкін деген жаңа ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Euro-football.ru порталына сілтеме жасап.
Журналист Экрем Конурдың мәліметінше, «Реал» Родригоны сатуға тек 100 миллион еуро шамасындағы ұсыныс түскен жағдайда ғана келісуі мүмкін. Егер мұндай ұсыныс болмаса, футболшы командада қалады. Дереккөзге сүйенсек, қазіргі уақытта ойыншыны сатып алуға нақты мүмкіндігі бар жалғыз клуб — Францияның ПСЖ командасы.
Сонымен қатар бразилиялық шабуылшыға «Арсенал», «Челси», «Ливерпуль» және «Манчестер Сити» клубтары да қызығушылық танытып отыр. Биылғы маусымда 24 жастағы Родриго барлық турнирлерде 21 матчқа қатысып, екі гол соғып және төрт нәтижелі пас берген.