Бұл туралы көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров мәлімдеді.
Қазақстанда 11 мың шақырымнан астам жол күрделі жөндеуден өтеді
459
оқылды

2026 жылы Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша автожол инфрақұрылымын кеңейту мен жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілмек, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров мәлімдеді.

Жоспар аясында жалпы ұзындығы 11 мың шақырымнан асатын жолдарда құрылыс, күрделі және орташа жөндеу, сондай-ақ жергілікті желіні дамыту көзделіп отыр. Ел ішіндегі көлік қатынасы мен логистиканы жақсарту мақсатында Қызылорда – Жезқазған, Ақтөбе – Ұлғайсын, Қарағанды – Жезқазған және «Орталық – Батыс» бағыттарындағы жолдар басты назарға алынған.

Сонымен қатар, ірі қалаларды айналып өтетін айналма жолдар, туризм мен шекара маңындағы бағыттар да дамытылатын болады. Жаңа технологиялар енгізіліп, жол қауіпсіздігі мен сапасын бақылауға арналған автоматтандырылған өлшеу жүйелері 220-ға дейін көбейеді.