Теміртауда белгісіз ер адам көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісіндегі жаңажылдық шыршаны өртеп жіберді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрдан күдіктінің әдейі жақындап, шыршаны тұтатқаны анық көрінеді. Абырой болғанда, өрт шұғыл сөндіріліп, ешкім зардап шеккен жоқ.
Қарағанды облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, бұл әрекет бойынша әкімшілік іс қозғалды. Тексеру барысында құқық бұзушының сол үйде тұратын 33 жастағы азамат екені анықталған. Оған ҚР заңнамасына сәйкес, «Бөгде мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру» бабы бойынша әкімшілік материал жинақталып, сотқа жолданған.
Сот шешімімен азамат 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.