Бұл туралы Venezolana de Televisión телеарнасының тікелей эфирінде Жоғарғы соттың судьясы Таня Д’Амелио айтты.
Венесуэлада президент міндетін уақытша Делси Родригес атқарады
470
оқылды

Венесуэлада жоғарғы сот шешімімен атқарушы вице-президент Делси Родригес мемлекет басшысының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы Venezolana de Televisión телеарнасының тікелей эфирінде Жоғарғы соттың судьясы Таня Д’Амелио айтты.

Судьяның мәлімдеуінше, шешім 2026 жылғы 3 қаңтарда орын алған шетелдік әскери агрессия мен Венесуэла президенті Николас Мадуроның ұрлануына байланысты қабылданған. Жоғарғы соттың Конституциялық палатасы Конституция мен ұлттық заңнамаларды басшылыққа ала отырып, Родригеске президент өкілеттігін дереу атқаруға рұқсат берді.

Оқиға аясында елдегі саяси жағдай ерекше назарда қалып отыр.