Сондай-ақ ол – үш дүркін әлем чемпионы, 2021 жылғы Азия чемпионы және Қазақстанның бірнеше мәрте чемпионы.
«Егер бокс болмаса, бәрібір басқа спортты таңдар едім»: Назым Қызайбай жайлы деректі фильм жарыққа шықты
770
оқылды

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Назым Қызайбай балалық шағындағы естелігін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

"Мен бала кезімнен спортты жақсы көрдім. Әрдайым қозғалыста, жүгіріп жүретінбіз. Әкем біз бесеуімізге "өскенде кім боласыңдар?" деп айтатын. Бірімізді дәрігер, бірімізді мұғалім етеді, ал маған "заңгер боласың, адвокат атанасың" дейтін. Бірақ мен өзімді спорттан тыс елестете алмадым. Егер бокс болмағанда, бәрібір басқа бір спорт түрін таңдар едім, өйткені спорттың кез келгені маған ұнайды", – деді Назым.

Айта кеткен жөн, Назым Қызайбай қазір Қазақстан тарихындағы ең атақты әйел боксшы саналады. Оның еншісінде 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарының қола медалі бар. Сондай-ақ ол – үш дүркін әлем чемпионы, 2021 жылғы Азия чемпионы және Қазақстанның бірнеше мәрте чемпионы.