Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Алматыда көпқабатты үйдің пәтерінен өрт шықты
458
оқылды

Бүгін Алматы қаласындағы Самал ықшамауданында орналасқан 12 қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Өрт туралы ақпарат түсе салысымен, оқиға орнына шұғыл түрде ТЖМ-нің өрт сөндіру бөлімшелері жетіп, қызыл жалынды қысқа уақыт ішінде толық сөндірді. Мамандардың мәліметінше, өрттің көрші пәтерлер мен жоғары қабаттарға таралуына жол берілмеген.

Оқиға орнында пәтер ішінде болған ер адам құтқарылып, медициналық көмекке жүгіну қажет болмағаны анықталды.

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға өрт қауіпсіздігін сақтаудың маңыздылығын ескертеді. Әсіресе қыс мезгілінде электр құрылғыларын шамадан тыс қолданбауға және жылыту құралдарын бақылаусыз қалдырмауға шақырады.