Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов (15-0-1, 13 KO) келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
«Қазақ әскері» лақапатымен танымал, ешқашан жеңіліп көрмеген С. Ахмедов өзінің Instagram парақшасында жекпе-жектің ақпан айында АҚШ-та өтетінін жазды.
«Кездескенше, ақпан айында!», – деп қысқа ғана жазба қалдырды боксшы.
Қарсыласының есімі әзірге жарияланбаған.
Еске сала кетейік, 2025 жылғы 22 қарашада Ахмедов Мексиканың Эдгардо Веласкесімен (16-2, 16 KO) Лонг-Бичтегі бокс кешінде кездесуі керек болған, бірақ бұл жекпе-жек өтпей қалды.