17 жастағы қазақстандық шабуылшы Алдияр Нұрғали Испанияның «Леванте» клубымен келісімшартқа қол қойғанын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Футболшы бұл туралы Instagram парақшасында хабарлап, келісімге қол қою сәтінен түсірілген суреттерді жариялады.
Алдияр Нұрғали әзірге «Леванте» клубының жастар құрамасында өнер көрсетеді. Алайда ол берген сұхбаттарының бірінде алдағы екі-үш жыл ішінде негізгі командаға қосылуды көздейтінін айтқан.
Бұған дейін қазақстандық шабуылшы Испанияда «Историкс Валенсия» клубының жейдесін киген. Ол бұл командаға алматылық «Қайрат» академиясынан ауысқан еді. Сонымен қатар Алдияр Нұрғали Қазақстанның 19 жасқа дейінгі ұлттық құрамасында ойнайды.