«Қайратпен» ойын 20 қаңтарда Астанада өтеді.
«30 миллион еуро»: «Қайраттың» алдағы қарсыласына ағылшын клубы қызығушылық танытты
273
оқылды

Лондондық «Тоттенхэм» «Брюгге» командасының 23 жастағы шабуыл шебінде ойнайтын универсал вингері Христос Цолистің ойынына назар аударып отыр. Бұл туралы Ua-football.com хабарлаған.

Грекиялық футболшының соңғы маусымдағы нәтижелі ойыны ағылшын клубының қызығушылығын оятқан. Қысқы трансфер кезеңінде «Тоттенхэм» бельгиялық клубқа ресми ұсыныс түсіру мүмкіндігін қарастырып жатыр. Команданың негізгі мақсаты — шабуылдың қапталын күшейту, ал Цолис перспективалы ойыншы ретінде қарастырылуда.

Осы маусымда Христос Цолис барлық турнирлерде 30 матч өткізіп, 11 гол соқты және 15 нәтижелі пас берді. Transfermarkt порталы футболшының құнын 30 млн еуро деп бағалайды. Оның «Брюггемен» келісімшарты 2029 жылдың маусымына дейін жарамды.

Айта кетейік, «Брюгге» 2025/26 жылғы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде «Қайраттың» келесі қарсыласы саналады. Ойын 20 қаңтарда Астанада өтеді.