«Қазгидромет» РМК күтілетін қауіпті метеорологиялық құбылыстарға байланысты еліміздің көптеген өңірлерінде дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
БҚО, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, ШҚО, Қызылорда, Жамбыл, Абай және Жетісу облыстарында көктайғақ күтілуде.
БҚО, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, СҚО, Павлодар, Қарағанды, ШҚО, Жамбыл және Абай облыстарында қар жауып, боран соғады.
Алматы, БҚО, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, СҚО, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ұлытау және Жетісу облыстарында, сондай-ақ Алматы және Қонаев қалаларында тұман болады
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.