«Қазақстанның жануарлар әлемі» биколорлы монеталарын айналымға шығару туралы жарияланды.
Қазақстанда ерекше монеталар айналымға шығады
Фото: Қазақстан Ұлттық Банкі
246
оқылды

Қазақстан Ұлттық банкі «Қазақстанның жануарлар әлемі» сериясымен бес түрдегі биколорлы монетаны айналымға шығарады,  – деп хабарлайды Aikyn.kz. Жинақта Қазақстан фаунасында сирек кездесетін аң-құстар бейнеленген: AQBÓKEN (Ақбөкен), ARQAR (Арқар), BARYS (Барыс), DÝADAQ (Дуадақ) және SUŃQAR (Сұңқар). Барлық монета елдің табиғи байлығын айшықтайтын бірыңғай стильде орындалған.

Монеталар нибрасс/нейзильбер қоспасынан соғылған, дайындау сапасы — uncirculated, номиналы — 100 теңгелік, салмағы — 6,45 грамм, диаметрі — 24,5 мм, әр түрінен 3 000 000 (үш миллион) дана, жалпы таралымы — 15 000 000 (он бес миллион) дана.

Монеталар Қазақстан Республикасының аумағында айналымдағы монеталармен қатар еркін айналымға арналған және екінші деңгейдегі банктер арқылы қолма-қол ақша айналымына шығарылады.

Монеталардың бейнелері

животный мир.png

Монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнымен төлемдердің барлық түрлері бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға және аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға міндетті.

Монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.