Өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің жұбайы Анель марқұм күйеуінің туған күнінде жантебірентер жазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол жолдасымен бірге өткізген күндер үшін алғыс білдіріп, сағынышын жеткізді. Сонымен қатар отау құрған жастарды бір-бірін бағалауға шақырды.
«Бүгін 32 жасқа толар едің. Қасымызда болмасаң да, бұл күн бәрібір сенікі. Ол сенің күлкіңе, даусыңа, жылуың мен қамқорлығыңа қатысты естеліктерге толы. Сен мақтануға лайық әке едің. Сүйікті, ақылды, нәзік әрі мықты. Балалардың әр сөзінде, қадамында, күлкісінде сенің жаның бар. Олар – сенің мәңгілік ізің, сенің естелігің, ешқашан сөнбейтін махаббатың. Сен – өмір жолында сенім артып, қатар жүруге лайық жар едің. Сенің жаныңда әрдайым үйдегідей жылылық сезілетін. Саған бәрі үшін рақмет: махаббат үшін, отбасы үшін, балаларымыз үшін, бірге өткізген әр күніміз үшін. Мен сені қатты сағынамын. Бұл сағыныш ешқашан жоғалмайды. Бір-біріңді бағалаңдар, қазір сүйіңдер, жылы сөзді кейінге қалдырмаңдар», - деп жазды марқұмның жұбайы.
Еске салайық, Астанада өрт шыққан көпқабатты үйлердің бірінен үш адамды құтқарып қалып, өзі ауыр жарақаттан есін жимастан ауруханада көз жұмған өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің ерлігі бүкіл қазақстандықтарды тәнті етті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.