Марат Жалғасұлы ең алғаш 1979 жылы Сырдың бас командасы "Мелиоратор" сапында кәсіби мансабын бастап, ұзақ жылдар бойы “Қайсардың" негізгі ойыншысы болды.
Белгілі футболшы Марат Есмұратов өмірден өтті
Фото: instagram.com/fckaysar_official
375
оқылды

Қызылордалық «Қайсар» командасының ойыншысы және Қазақстан құрамасының бұрынғы қорғаушысы Марат Есмұратов өмірден өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Қайсар" футбол клубының аңыз ойыншысы Есмұратов Марат Жалғасұлының мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз, - деп жазылған «Қайсар» ФК ресми парақшасында.

Марат Жалғасұлы ең алғаш 1979 жылы Сырдың бас командасы "Мелиоратор" сапында кәсіби мансабын бастап, ұзақ жылдар бойы “Қайсардың" негізгі ойыншысы болды. 

1999 жылы Қызылордаға алғашқы трофей Қазақстан кубогін сыйлауға өз үлесін қосты. Клубтың құрылымындада қызмет етіп, шәкірт тәрбиелеу жолында да еңбек етті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.