Үш келіні де немере сыйлап, отбасын қуанышқа бөлегенін жеткізді.
Продюсер Гүлзира Айдарбекова қуанышты жаңалығын жеткізді
462
оқылды

Продюсер Гүлзира Айдарбекованың немересі дүниеге келгенін оқырмандарына қуана жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz.

Продюсер келіні үшінші сәбиін дүниеге әкелгенін айтты. Сонымен қатар бір жылда үш келіні де немере сыйлап, отбасын қуанышқа бөлегенін жеткізді.

"Біздің ыстық ұямыздың нұры, қаншама қайғымның орнын жүрек жылуымен, күннің шуағындай шуағымен толтырған, бүкіл әулетіміздің ақ батасын алған, атасын ерекше құрмет тұтқан адал келінім Айгера келініміз дәл қазір бір Ханшайымды өмірге алып келді. Өмірімнің бір бөлігі құрметті менің оқырмандарым: Көп тілеуі көл деген, өмір есігін қазір ғана ашқан немеремізге жүрек жарды дұға, тілек күтемін өздеріңізден! Қатты жақсы көремін деуге де қорқамын, Алла көп көрмесін, көз тимесін! Атасын да осында қосып қояйын, атасының жеке келінін құттықтап қойыңыздар! Аллаға сансыз шүкірлер, биыл үш ұлымыздан да немере сүйдіріп, жанымызды шуаққа бөлеген. Баланың санын айтпайды дейді, шүкір, шүкір, Аллаға шүкір!", - деп жазды продюсер.

Алайда оқырмандардың бір бөлігі қуанышымен құттықтаса, енді бірі келіндеріне бірдей қарамайды деп сынға алған.

«Кішкенетайдың бауы берік болсын», «Немереңіз құтты болсын», «Шіркін, Жұлдыз босанғанда осылай құттықтап салғаныңызда ғой», - деп жазды желі қолданушылары.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.