1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Ауа райы бұзылып, тағы екі облыста жол жабылды
Фото: istockphoto.com
350
оқылды

ҚазАвтоЖол тағы екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

2026 жылғы 6 қаңтар сағат 01:30-да ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда барлық көлік түрі қозғалысына шектеу енгізіледі: 

Ақтөбе облысы: 

- «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы (Құрманғазы ө/п)» автомобиль жолының 11-337 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе қаласынан Атырау облысының шекарасына дейін); 

Атырау облысы: 

- «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы (Құрманғазы ө/п)» автомобиль жолының 337-346 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе облысының шекарасынан Сағыз елді мекеніне дейін); 

Жолды 2026 жылғы 6 қаңтар сағат 09:00-де ашу жоспарланған. 

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.