«Қазгидромет» РМК деректері бойынша дауылды ескертулер жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Дауылды ескерту сақталады:
6-7 қаңтарда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыс бағыттан солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, шығысында екпіні –15-20 м/с.
Алматы қ.: 6-7 қаңтарда түнде және таңертең кей уақытта тұман күтіледі.
Дауылды ескертулер күтіледі:
Астана қ.: 6 қаңтарда қар, бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с.
Шымкент қ.: 6 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі.
6 қаңтарда түнде Қостанай облысында қар, бұрқасын, көктайғақ, облыстың солтүстігінде, батысында қатты қар, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде 15-20 м/с, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні – 23-28 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с.
6 қаңтарда Ақмола облысында қар, бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні – 23-28 м/с.
6 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын, түнде облыстың батысында қатты қар күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ, облыстың шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні – 23-28 м/с.
6 қаңтарда Павлодар облысында қар, бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында 23-28 м/с.
6 қаңтарда күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні – 23-28 м/с.
6 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні – 25 м/с.
6 қаңтарда күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, облыстың солтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с.
6 қаңтарда күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда екпіні – 15-20 м/с.
6 қаңтарда түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, орталығында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып соғады, түнде облыстың солтүстік-шығысында екпіні – 15-20 м/с.
6 қаңтарда Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с.
6 қаңтарда Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың шығысында екпіні – 15-20 м/с.
6 қаңтарда Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі.
6-7 қаңтарда Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні – 15-20 м/с.
6-7 қаңтарда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
6 қаңтарда Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.
6 қаңтарда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.