Байқаудың бірінші кезеңі қорытындыланды.
61‑ші Венеция биенналесіне Қазақстан атынан кім қатысады?
Фото: iStock
277
оқылды

Қазақстан Республикасының Ұлттық павильоны аясында 61‑ші Венеция биенналесінде көрме өткізу конкурсының бірінші кезеңінің нәтижесі белгілі болды,  – деп хабарлайды Aikyn.kz. Барлығы 17 өтініш түсті, олардың 12-сі іріктеуден өтті.

Қазылар алқасының бағалауы бойынша үш финалист анықталды:

«QONGYR: тыныштық архиві» тұжырымдамасы
Жетекшісі: Сырлыбек Бекботаев

«Qoñyr» тұжырымдамасы
Жетекшілері: Әсел Ахметжанова, Әсел Мұқашева және Малика Оразғалиева

«Су тәндерінің жыры» тұжырымдамасы
Жетекшілері: Әйгерім Қапар және Асыл Ишахова

Финалға өткен үш жоба байқаудың екінші кезеңіне жолдама алып, қазылар алқасымен онлайн форматта кездесті.

9 қаңтар күні Қазақстанды 61‑ші Венеция биенналесінде таныстыратын жоба анықталады.

Ұлттық павильонның комиссары – Қазақстан Республикасы Премьер‑Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.