Спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында дайындық жұмыстарын АҚШ-та өткізетінін айтты.
"АҚШ-қа кетіп бара жатырмын": Еркебұлан Тоқтар күтпеген жаңалық айтты
364
оқылды

Аралас жекпе-жек шебері, актер Еркебұлан Тоқтар келесі жекпе-жегіне дайындыққа кірісті, – деп жазды Aikyn.kz. 

Спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында  дайындық жұмыстарын АҚШ-та өткізетінін айтты.

“Екі айлық дайындыққа Америкаға кетіп бара жатырмын. Бізде де мықты жаттықтырушы көп, бірақ жаттығу тек оларға байланысты емес. Кіммен дайындалатының, серіктесің кім екені маңызды. Мәселен, баратын залда бәрі UFC палуандары, лигалардың чемпиондары. Мен мұндай адамдармен тез өсемін, ал Алматыда нақты мамандандырылған зал жоқ”, – дейді ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.