Аталған факт бойынша Әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады.
Шымкенттегі әскери бөлімнің бірінде сарбаз көз жұмды
www.istockphoto.com
488
оқылды

Кеше, 6 қаңтарда Шымкент ауруханаларының бірінде мерзімді әскери қызметтегі сарбаз қаза тапты,  деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Олардың мәліметінше, марқұм мерзімді қызметке Жамбыл облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінен шақыртылған (Тараз қаласы). Содан Шымкентте 6506 әскери бөліміне түскен. Ол әскерге келген алғашқы күннен бастап бірнеше рет медициналық қызметке жүгінген. Есепке де тұрған.

Бұл жағдай жайында Ұлттық ұланның баспасөз қызметі түсініктеме берді.

Мерзімді қызметке Жамбыл облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінен шақыртылған (Тараз қаласы) әскери қызметші әскерге келген алғашқы күндерінен бастап бірнеше рет медициналық қызметкерлерге жүгінген. Есепте тұрған және Шымкент қаласының медициналық мекемелерінде тексеруден өткен. 2026 жылғы 6 қаңтарда мерзімді қызметтегі әскери қызметшінің жүрегі кенеттен тоқтады. Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, ол қалалық ауруханада көз жұмды. Алдын ала диагноз — «жедел лейкоз»,  делінген хабарламада.

Жағдай Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан  Бас қолбасшысының жеке бақылауында.