Қазақтың бұлбұлы Толқын Забированың концертінде ән салды.
96 жастағы Бибігүл Төлегенова сахнада ән шырқады
1,969
оқылды

"Қазақтың бұлбұлы" атанған 96 жастағы Бибігүл Төлегенова сахнада ән салып, тыңдармандарымен қауышты, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты "Қазақстан" телеарнасына сілтеме жасап. 

КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Социалистік Еңбек Ері Бибігүл Төлегенова шәкірті Толқын Забированың концертінде ән салған. Оны Толқын Забирова сахнаға қоларбамен алып шықты.

96 жастағы біртуар әнші Бибігүл Ахметқызы Толқын Забироваға тілегін айтып, жиналған халыққа алғыс білдірді. 

"Рақмет, халқым! Бәріңе мың да бір рақмет! Барлықтарыңды сүйемін. Бақытты болыңдар. Бүгін сондай қуанышты күн! Мен сияқты 96-ға жеткенше халықтың алдында бақытты болып жүре бер. Толқыным менің өте бақытты, ұқыпты, абыройлы адам. Мен қазір ән де айтпаймын, қартайдым. Қанша жасқа келсем де "қазақтың әнші бұлбұл қызы" деген сөздің өзі мен үшін бақыт", -деді ол.