Зардап шеккендер жоқ.
Талдықорғанда өрт шыққан үйден жеті бала құтқарылды
www.istockphoto.com
294
оқылды

Өрт сөндірушілер балаларды тұрғын үйде шыққан өрттен құтқарды, - деп хабарлады Aikyn.kz. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі жариялады. 

Талдықорған қаласы Қаратал шағынауданында 5 қабатты көппәтерлі тұрғын үйде өрт шықты. Өрт бірінші қабаттағы пәтерде тіркелген, салдарынан кіреберісі тығыз түтінге толды.

Оқиға орнына жедел түрде ТЖД бөлімшелері келді. Құтқару барысында автосатының көмегімен жоғары қабаттағы терезелерден 8 адам, оның ішінде жеті бала құтқарылды.

Алдын алу мақсатында құтқарылғандардың барлығы қосымша медициналық тексеру үшін Талдықорған қаласының көпбейінді ауруханасына жеткізілді.

Қазір өрттің себебі анықталып жатыр.