Халық әртісі Асанәлі Әшімовтің жұбайы Бағдат Әшімова әлеуметтік желіде жантебірентер жазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Актердің жары қайғысын бөлісіп, өмірлік серігіне деген сағынышын жеткізді. Оның айтуынша, қосағымен 23 жыл, бір ай, үш күн тату-тәтті ғұмыр кешкен.
«Өмір мен өлім арасы қас қағым сәт екен. 23жыл, бір ай, үш күн бірге өмір сүрген, Құдай қосқан қосағымнан үш минутта айырылып қалуым ауыр соққы болды. Адамның айтқаны орындалмайды, Алланың қалауына ешкім қарсы тұра алмайды. Жан жарымды қанша қимасам да, ел болып, жұрт болып ақтық сапарға шығарып салдыңыздар. «Қайғы бөліссе, азаяды» деп, көңіл білдіріп, жұбату айтқан баршаңызға бас иемін. Тірлігінде алақандарыңызға салып еркелеткен едіңіздер, ақтық сапарға да жер қайысар ел жиналып, егіліп шығарып салдыңыздар... Жаназа шығарғанда сапта тұрған адам саны көп болған сайын, сол жандардың алақан жайып Алладан сұраған бата- тілектерін Алла қабыл етеді, пейіштен орын береді дейді . Әумин. Әр шаңырақта бақ-береке болсын. Балаларыңыз аман, бауырларыңыз бүтін болсын», - деп жазды Бағдат Әшімова.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.