Колониялар да маска тігуге жұмылдырылған
Колониялар да маска тігуге жұмылдырылған
© Сурет ғаламтордан
240
оқылды
ІІМ жедел штабының отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев медициналық қызметкерлермен бірге карантиндік іс-шараларға қатысатын полиция қызметкерлерін жеке тыныс алу жолдарын қорғау құралдарымен қамтамасыз етуді тапсырды. ІІМ басшысы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің өндірістік базасын пайдалану қажеттігін атап өтті. Осы жұмыс шеңберінде ҚАЖК "Еңбек" республикалық мемлекеттік кәсіпорны қорғау бұйымдарының үлгілерін дайындады, оларды дайындауға белгіленген тәртіппен тиісті сертификат алынды. Стандартқа сәйкес, бұйым материалы гипоаллергенді болып табылады, шаңнан қорғау қасиеттеріне ие және инфекциялық аурулардың тәуекелдерін азайтады.
"Қазір барлық жеке құрам ерекше режимде жұмыс істейді. Медициналық қызметкерлермен тығыз қарым-қатынаста карантиндік іс-шараларға қатысады. Күн сайын нарядтарға 12 мыңнан астам полицей мен Ұлттық гвардия әскери қызметшілері түседі және Біз үшін олардың әрқайсысының денсаулығы маңызды. Мен түзеу мекемелерінің тігін цехтарында қорғау маскаларын дайындауды басқа өніммен қатар бастауды тапсырамын. Бір жағынан, бұл мұндай бұйымдарға деген сұраныстың артуын жабады, екінші жағынан біз сотталғандардың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз етеміз. Бұл да қазір маңызды", - деді Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.
Бүгінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің өндірістік алаңдарында мыңнан астам тігін станоктары жұмыс істейді. Ішкі істер органдарының қызметкерлері пайдаланатын бір реттік де, көп реттік қорғаныш маскаларын тігу жолға қойылған. 24 мың масканың бірінші партиясы Бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдарға, сондай-ақ ішкі істер органдарының қызметкерлеріне берілетін болады. Жалпы ел бойынша өндірістік қуаты тәулігіне 50 мыңнан астам масканы құрайды.