Бұл жарыста ол сербиялық Александра Круничпен бірге өнер көрсетті.
Теннисші Анна Данилина Аустралиядағы турнирдің 1/2 финалында жеңіліп қалды
183
оқылды

Қазақстан әйелдер құрамасының жұптық сындағы көшбасшысы Анна Данилина Аустралияның Брисбен қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің финалына шыға алмады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл жарыста ол сербиялық Александра Круничпен бірге өнер көрсетті.

Жартылай финалда Данилина мен Крунич Испания өкілі Кристина Букша мен аустралиялық Эллен Перес жұбымен өзара мықтыны анықтады.

Нәтижесінде қарсылас жұп басым түсіп, кездесу 6:3, 4:6, 10:7 есебімен аяқтады.