1/8 финалдық кезеңде ол испаниялық, бұрынғы әлемнің екінші ракеткасы Паула Бадосаға қарсы ойнап, 6:3, 6:2 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Елена Рыбакина Брисбен турнирінде сенімді жеңіспен ширек финалға өтті
250
оқылды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA 500 санатындағы Brisbane International турнирінде кезекті жеңісіне қол жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

1/8 финалдық кезеңде ол испаниялық, бұрынғы әлемнің екінші ракеткасы Паула Бадосаға қарсы ойнап, 6:3, 6:2 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті. Кездесу 1 сағат 26 минутқа созылды.

Бұл жеңістің арқасында Рыбакина турнирдің ширек финалына жолдама алды. Енді ол келесі кезеңде чехиялық Каролина Мухова (WTA №20) мен ресейлік Екатерина Александрова (WTA №10) арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.

Айта кетейік, Brisbane International турнирінің 2026 жылғы жүлде қоры – 1 691 602 АҚШ доллары. Чемпион 214 530 доллар мен 500 рейтингтік ұпай алады. Елена Рыбакина бұл турнирде 2024 жылы да бас жүлдені иеленген болатын.