Әнші Алтынай Жорабаева әлеуметтік желідегі парақшасында кенже қызын туған күнімен құттықтады, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі қызы екі жасқа толып жатқанын айтып, аналық тілегін жеткізді.
«Амина Алишерқызы — 2 жаста. Аллаға сансыз шүкір. Алланың сүйген құлы бол, балапаным. Мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр берсін. Екі дүниенің абыройын, бақытын берсін, ботам, Ақ тілектеріңіз өздеріңізге еселеп қайтсын», — деп жазды Алтынай Жорабаева.
Желі қолданушылары жылы лебізін білдіріп, кішкентай Амина әкесіне ұқсайтынын айтқан.
«Өсіп қалыпты, туған күні құтты болсын! Амина деген аты қандай әдемі», «Әкесінен аумайды», «Жүзі жылы, тәрбиелі отбасынан екені көрініп тұр», «Өмір жасы ұзақ болсын», деп жазды оқырмандар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.