Спорттағы мансабын аяқтады.
Боксшы Бекзад Нұрдәулетов жаңа қызметке тағайындалды
Фото: Маңғыстау облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы
431
оқылды

Бокстан әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов спорттағы мансабын аяқтап, басшылық қызметке тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бекзад Нұрдәулетов Маңғыстау облысы бокс бойынша олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің басшысы қызметіне тағайындалды.

Бекзад Жалғасбайұлы 1998 жылғы 10 сәуірде Түркіменстан Республикасының Балқан облысында дүниеге келген.

Еңбек жолы

• «Маңғыстау бокс клубы» ЖШС-не бокстан нұсқаушы-спортшы ретінде қабылданды.

Білімі

• 2015–2019 жылдары Алматы қаласындағы Қазақ спорт және туризм академиясында «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білім алып, жоғары оқу орнын тәмамдады.

• 2019–2021 жылдары осы академияда магистр дәрежесін иеленді.

• 2021 жылдың қыркүйек айынан бастап Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде (Yessenov University) «Құқықтану» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды.

Бокстан жоғары жетістіктері

 2019 жыл - Әлем чемпионы

2021 жыл - Олимпиада ойындарының қатысушысы

2024 жыл - Азия чемпионы

2025 жыл - Әлем кубогінің иегері

«Құрмет» орденінің иегері

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.