Боксшы желі қолданушыларының Еркебұланмен жекпе-жек өткізуге қатысты сұрағына жауап берді.
«Еркебұланмен шықсаң, ұят болады»: Данияр Елеусінов жанкүйерлердің сұрағына жауап берді
833
оқылды

Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов танымал қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Боксшы желі қолданушыларының Еркебұланмен жекпе-жек өткізуге қатысты сұрағына жауап берді. Сонымен қатар Еркебұлан Тоқтарды құрметтейтінін, бұрынғы мәлімдемесінің оған қатысты қатысы жоғын атап өтті.

«Кейбіреулер «Еркебұланмен шықсаң ұят болады» деп айтады. Бірақ оны дұрыс бағалаңдар, Еркебұлан – өте танымал және медиа тұлға. Мен «Мен Еркебұланмен шығамын, ұйымдастырыңдар» деп нақты айтқан жоқпын. Егер бұл Джошуа мен Джейк Пол жекпе-жегіндей шоу форматында ұйымдастырылса, біздің елде де мүмкін. Бұрынғы сөзім сол кезде «Мен медиа тұлғамын, сондықтан көбірек ақы сұраймын» деп айтқан адамға қатысты еді. Еркебұлан – адал және тура жүретін жігіт, – деді Данияр Елеусінов.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.